46 минут қосымша ұйқының өзі адамның төзімділігі мен өмірге деген ризашылығын арттырады – зерттеу
Зерттеу нәтижелері ұйқының тек жеке денсаулыққа ғана емес, жалпы қоғамның игілігіне де ықпал ететінін көрсетті.
Ұйқының жақсы болуы денсаулыққа пайдалы екені бұрыннан белгілі. Жақында жарық көрген Бэйлор университетінің зерттеуі көрсеткендей, небәрі 46 минут қосымша ұйқы жалпы денсаулықты жақсартады, оның ішінде адамның өмірге деген ризашылығын арттырып, төзімділігі, әлеуметтік бейімділігі сияқты көрсеткіштерге оң әсер етеді.
Бұл зерттеу Positive Psychology журналына жарияланды.
Бұған дейінгі зерттеулерде көбіне аз ұйықтаудың теріс әсеріне назар аударылған еді. Бұл зерттеу керісінше, позитивті психология әдісін қолдана отырып, ұйқының тек жағымсыз әсерлерді болдырмаумен шектелмей, жалпы әл-ауқатты қалай жақсарта алатынын зерттейді. Алғыс білдіру, төзімділік және өмірлік қанағаттану әдетте жақсы ұйқыға қолдау көрсететін тұлғалық қасиеттер ретінде қарастырылса, Доның зерттеуі ұйқының өзі осы оң қасиеттерді жақсартатынын тексерді.
"Бұл зерттеу ұйқының денсаулыққа оң әсерін кеңінен анықтайтын қызықты жұмыс деуге болады, себебі ол даму әлеуеті жоғары моральдық қауымдастықтарды құруға бағытталған," - деді профессор Шниткер.
Зерттеу нәтижелері ұйқының тек жеке денсаулыққа ғана емес, жалпы қоғамның игілігіне де ықпал ететінін көрсетті. Ұйқысы қанық адамдарда алғыс білдіру сезімі мен әлеуметтік оң көзқарастың артуы байқалды. Бұл кішігірім өзгерістер ұжымдық мінез-құлыққа, мысалы, қайырымдылыққа да әсер етуі мүмкін.