«7 балам бар»: Жанатбек Бәйтеков әйеліне берген уәдесін орындап жүргенін айтты

Белгілі актер Жанатбек Бәйтеков отбасы жайлы сыр шертті.

«7 балам бар»: Жанатбек Бәйтеков әйеліне берген уәдесін орындап жүргенін айтты
Ғаламтор
Автор
Админ
885

Актер қазір көп балалы әке. Өзіне 7 бала сыйлаған келіншегіне үйленген кезінде қандай уәде бергенін айтты.

«Үйленген кезімізде «әлемді көрсетемін» деп уәде бергенмін. Оған дейін «Қазақстанды аралатамын» дегенмін. Қазір жұбайыма берген уәдемді орындап жатырмын. Оның көңіл-күйі жақсы болса, ер адамның ісі ілгері басады. Соған көзім жетті. Келіншегімнің әжесі 10 құрсақ көтерген, менің анам бес бала өмірге әкелген. Келіншегім де солай онға жеткіземін деген еді. Қазір 7 баламыз бар. Үлкен балам 16-да, кішісі 2-де», - деді актер.

Серіктес жаңалықтары