1738
Ақтаудағы ұшақ апаты: Жолаушылар арасында 6 қазақстандық болған
Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған
Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тағы бір ақпаратты мәлім етті.
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлаған еді.