Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы жасөспірім футболшы болған

Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшыраған ұшақта футболшы болған.

Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы жасөспірім футболшы болған
Ашық дереккөзден алынған
1026

13 жастағы Мұхаммедәли Еганов Бакудің «Ганжлик» футбол клубында ойнаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның Arilines компаниясының Embraer ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 62 жолаушы, оның ішінде 37 адам Әзербайжан, 16 адам Ресей, 6 адам Қазақстан және 3 жолаушы Қырғызстан азаматы, сондай-ақ бес экипаж мүшесі болған. Соңғы мәліметтер бойынша, апаттан 29 адам аман қалған.

Президент Ильхам Әлиевтің бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 26 ​​желтоқсанында Әзербайжанда ұшақ апатында қаза тапқандарды еске алу үшін қаралы күн жарияланды.

Серіктес жаңалықтары