1044
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды
Ақтау іргесіндегі ұшақ апатынан 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы қаза тапқан еді.
Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған.
— Жаңа ғана әуе апаты салдарынан қаза тапқандар туралы тың деректер белгілі болды. Олардың арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды. Оқу-ағарту министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасады, — делінген хабарламада.