1640
Қамаудан шыққан Қаржаубай Нұрымов мәлімдеме жасады
Ол өз үйінде бейнежазба арқылы қазақстандықтарға алғыс айтқан.
Бүгін марқұм Шерзат Полаттың 15 тәулікке қамалған әкесі бостандыққа шықты, деп жазды turkystan.kz.
Қаржаубай Нұрымов қорғаушыларымен бірге камера алдына шығып, мәлімдеме жасады.
«Қолдауларыңызға көп рахмет! Бала-шағамның жанындамын. Қорқатын ештеңе жоқ. Шүкір!ә, — деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін оның еркіндікке шыққаны жайында жазған едік.