Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі

Синоптиктер 18 ақпанда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды tyrkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Атырауда да жаяу бұрқасын жүреді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және орталығында тұман болады деп болжанады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда күндіз көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-18 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда түнде көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 18 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта да 18-20 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Алматыда 18-20 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп болжанады.