2999
«Аруақтар оянды!»: Жанат Бақыт көпшілікке ескерту жасады

Журналист, қазіргі медиум Жанат Бақыт тағы бір жаңалығымен елді елең еткізді, деп жазады Democrat.kz.
Өзінің ТикТок парақшасында Жанат Бақыт «аруақтар оянды!» деп:
«Қазақ үшін аруақ киелі ұғым. Қазақта «құдай атқан оңалады, аруақ атқан оңалмайды» деген сөз бар. Аруақ — құдай мен адам арасындағы байланыс орнатушы. Адам өз ата тегінен ажырап өмр сүре алмайды. Сол себепті адам өзін тануға тиіс. Қазір аруақтар оянып жатқан уақыт. Аруақтар бізге күш-қуат береді, біздің кармамыз. Біз рухани оянып, кемелденсек қана, ата-баба рухына пайдасын тигізеді», — деген Жанат Бақыт рухани оянбасақ, тегіңізге кесіріңізді тигізесіз деп ескертті.