2552
Теміртауда Жедел басқару орталығы іске қосылады
Полиция полковнигі қалалық полиция басқармасының ғимаратында биыл іске қосылатын Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.

Қарағанды облысының бас полицейі Негмет Исмагулов жұмыс сапарымен Теміртау қаласында болды.
Polisia.kz мәліметінше, Полиция полковнигі қалалық полиция басқармасының ғимаратында биыл іске қосылатын Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
Жедел басқару орталығына қала бойынша орнатылған сегіз мыңнан астам бейнебақылау камераларының үш мыңға жуығы қосылатын болады. Соның нәтижесінде тәртіп сақшылары қаланың криминогендік ахуалымен қоса, білім беру ұйымдары және бала бақшалардағы қауіпсіздікті де қадағалай алады.