«Өмірлік сабақ болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалық айтты
Жұлдыз Әбдікәрімова көптен бергі мәселесін шешті.
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сотта жеңіске жеткенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Актриса осы бір ауыр әрі ұзақ процесте жанынан табылған әрбір жанға алғысын жеткізді.
«Жақсы жаңалық. Ең алдымен алғыстан бастағым келеді… Өздеріңізге белгілі СОТ мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды. Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. «Не көмек»-деп галочка үшін суық қана смс жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті.
Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты десем артық болмас. Енді адвокатсыз қол қоймайтын темірдей тәртіп енді», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Айта кетейік, жақында актриса осы іс жайында Динара Сатжанға сұхбат берген еді.