605
Әуежайда ерлік жасаған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің елшісі болды
Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетін жоғары бағалады

Әуежайда ерлік жасаған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетін жоғары бағалады.
Сонымен қатар оны ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп жариялады.
"Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр", - деді ұйым басшысы.