280
Бірғаным Әйтімова: Жалақымның қанша теңге болғанын білмеймін...
Бірғаным Әйтімова: Жалақымның қанша теңге болғанын білмеймін...
Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова журналистердің жалақы туралы сауалына жауап берді. Депутат өз жалақысының қанша екенін нақтылап үлгермегенін алға тартып, сұраққа әзілмен жауап берді деп хабарлайды NewTimes.kz.
Журналистер Әйтімовадан депутаттардың жалақысы көтерілгеннен кейін қанша жалақы алатынын сұраған.
"Маған кабинетке келіңдер. Мен нақтылап сұрап алайын, кейін айтып беремін", - деді сенатор.
Сол сәтте БАҚ өкілдері Әйтімоваға жалақысы 800 мың теңге немесе миллион теңге болуы мүмкін екенін алға тартып, өз болжамдарын мәлімдеді.
"Миллион үшін рақмет. Он жылдан кейін осындай жалақы бізде, бәлкім болып қалар" - деп әзілдеді сенатор.
Одан кейін Әйтімова не үшін нақты жалақысын айта алмай отырғанын түсіндірді. "Мен орташа қанша болғанын да білмейді екенмін. Орташасын қалай айта аламын? Мен еліміздің әр азаматы секілді өз еңбегіме қарай, сәйкесінше жалақы аламын. Мен нақтылайын, кейін сіздерге айтамын", - деп уәде берді Әйтімова.