349
Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 оқушысы ауруханаға түсті
Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 оқушысы ауруханаға түсті
Соңғы екі күнде Талдықорғанның инфекциялық ауруханасына Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 оқушысы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бәрінің де дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, іштері өткен. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың неден ұшынғаны сараптама нәтижелері дайын болғанда белгілі болады. Оған дейін оқушылар ауруханада барлық емдік шараларын қабылдай бермек.
Ем алып жатқан балалардың сөзінше, олар мектептегі асханадан тамақтанғаннан кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған.
«Жағдайлары орташа ауыр. Ем алып жатыр. Сараптама нәтижелері дүйсенбі, сейсенбі шығады. Сол кезде нақты диагноз қоятын боламыз. Ал қазір ішек инфекциясы немесе вирусты инфекцияның белгілері байқалуда»,- дейді дәрігер Надежда Староселедская.
Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі сараптама нәтижесі шықпай, әзірге сұхбат бере алмайтындарын мәлімдеді.