Метрода адам мүшелерін тасымалдаушы ұсталды

Метрода адам мүшелерін тасымалдаушы ұсталды

Метрода адам мүшелерін тасымалдаушы ұсталды
ашық дереккөзі
271
Санкт-Петербург қаласында Орталық Азиядан адам мүшелерін тасымалдаушы ұсталды. Бұл туралы «Фонтанка» сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Оқыс оқиға метроның «Горьковская» стансасында болған. 22 сәуірде полиция жас жігітті ұстады. Ол адам мүшелері салынған қорапты алып бара жатқан. Полиция қызметкерлері одан ішкі мүшелер салынған он шақты пластик контейнерді тапты. 23 жастағы Қырғыз Республикасының азаматының айтуынша, ол Петербургтегі медициналық оқу орындарының бірінде білім алады және келісім бойынша зертханадан биоматериалдарды емханаға жеткізіп береді. Алайда ешқандай ілеспе құжаттарды көрсете алмады. Полиция қызметкерлері контейнерлерді істің мән-жайы анықталғанша тәркіледі.  

Серіктес жаңалықтары