291
Стамбұлда 564 мың қызғалдақтан кілем төселді
Стамбұлда 564 мың қызғалдақтан кілем төселді
Түркияның Стамбұл қаласында XII халықаралық қызғалдақ фестивалі ашылды. Биыл айтулы шара аясында бұл шаһарда қызғалдақтың 160 түрінен 26 млн 500 мың данасы отырғызылды,деп хабарлайды 24.kz.
Дәстүрлі фестиваль шеңберінде туристер көп келетін Сұлтан Ахмет мешіті мен Айя София мұражайының алаңында қызғалдақтан тоқылған әлемдегі ең үлкен кілем төселді. Оның жалпы ауданы 1453 шаршы метрді құрайды. Ұйымдастырушылар мұны Ыстамбұл қаласын жаулап алған жылға орайластырған. Сөйтіп 564 мың қызғалдақ егілген.
«Біз үшін қызғалдақ жәй өсімдік қана емес, тарихымыз бен мәдениетімізде орны бөлек ерекше гүл. Сондықтан оны тоқыма өнімдері мен керамикалық бұйымдарда, эбру өнерінде жиі кездестіруге болады. Тіпті бізде «қызғалдақ» деген есім де беріледі. Қазіргі таңда фестиваль бұқаралық сипат алып, кең көлемде тойлануда. Бұл сұлулықты тамашалуға қаламызға еліміздің өзге аймақтарынан отандастарымызбен қатар шет мемлекеттен туристер арнайы қыдырып келуде. Былтыр Ыстанбұлға 9 млн шетелдік турист келді. Биыл ол көрсеткіш артады деп үміттенеміз»,-дейді Ыстанбұл қаласының мэрі Қадыр Топбаш.