Даниал Ахметов бюджет қаржысын игерген аудандарға сыйақы бермек

Даниал Ахметов бюджет қаржысын игерген аудандарға сыйақы бермек

Даниал Ахметов бюджет қаржысын игерген аудандарға сыйақы бермек
ашық дереккөзі
280
Шығыс Қазақстан облысының аудан-қалалары арасында бюджет қаржысын игеруден жарыс болуы әбден мүмкін, деп хабарлайды 24.kz. Өңір басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінде өткен жиындардың бірінде бюджетті игерген аудандарға сыйақы беру жөнінде ұсыныс айтты.  Мұның себебі белгілі. Республикалық бюджеттен бөлінген ақшаны дер кезінде игермей, бұл мәселеге жүрдім-бардым қарайтын аудандар көп. Бұдан былай бюджет қаржысын кестеге сай игерген аудандарды ынталандыру мақсатында тоқсан сайын облыс бюджетінен демеуқаржы бөлінетін болады. Және бұл қаражат ауданның немесе қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталмақ. «Әр тоқсан сайын аудан, қалалардың мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген қаржыны кестеге сай игеруін сараптап, 100 пайыздық көрсеткішке ие болғандарын ынталандыру қажет. Ол қаржыны әкімдер жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсайтын болады», – деді облыс әкімі.

Серіктес жаңалықтары