310
"Ялла" тобында ән айтқан әнші көз жұмды
"Ялла" тобында ән айтқан әнші көз жұмды
Кеше Ташкент тұрғындары "Ялла" тобының бұрынғы әншісі Наргиз Байханованы соңғы сапарға шығарып салды. 1974-1983 жылдар аралығында осы топта ән салған Байханова өткен жексенбіде 68 жасында көз жұмды, деп хабарлайды centralasian.org.
Наргиз Байхановаға өткен жылы Германиядағы ауруханалардың бірінде ота жасалған еді.
Кино актері Джавахир Закиров марқұммен қоштасу жиынына Өзбекстанның жүздеген өнер және мәдениет қайраткерлері жиналғанын айтты.
Закировтер әулеті және өзбек эстрадасы ерекше дауыс иесінен айрылды, деді ол. Наргиз Байханова "Ялла" тобының танымал әншісі Фарух Закировтың бірінші әйелі еді.
Соңғы мәрте әнші Наргиз режиссер Эдуард Хачатурянның 1978 жылы түсірген "Қаланы саған сыйлаймын" фильмінде көпшілік алдына шықты.