Әлемдегі ең қауіпті және ең қауіпсіз қала анықталды

Әлемдегі ең қауіпті және ең қауіпсіз қала анықталды

Әлемдегі ең қауіпті және ең қауіпсіз қала анықталды
ашық дереккөзі
277
Әлемдегі ең қауіпті қала белгілі болды. Жаһан елдері жайлы мәлімет жинаумен айналысатын Numbeo порталының рейтингісі бойынша, ол Венесуэла астанасы Каракас деп танылған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.  Үштікке сондай-ақ Гондурас пен Оңтүстік Африка Республикасының елді мекендері кірген. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби ең қауіпсіз шаһар деп танылды. Мұнда 100 мың тұрғынға шаққанда 83,8 құқық бұзу дерегінен келеді екен. Қауіпсіз елді мекендер үштігінде сондай-ақ Германиядағы Мюнхен, Тайвань аралындағы Тайбэй де бар. Жалпы рейтинг құру кезінде 378 шаһардағы ахуал ескерілген.

Серіктес жаңалықтары