28 сәуірде еліміздің бірқатар аймақтарына қатты дауыл тұрады

28 сәуірде еліміздің бірқатар аймақтарына қатты дауыл тұрады

28 сәуірде еліміздің бірқатар аймақтарына қатты дауыл тұрады
ашық дереккөзі
442
"Қазгидрометтің" хабарлауыншағ ертең еліміздің бірқатар аймағында қатты жауын-шашын жауып, дауыл тұрады. Таулы бөктеріндегі аудандарда, тіпті, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.  28 сәуірде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын мөлшері көп түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. 29-30 сәуір күндері ауа температурасы түнде 0-5 жылы, кей жерлерде 3 градус аязға дейін, күндіз 9-14, кей жерлерде 6 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, түнде 29 сәуірде қар аралас жаңбырға айналады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде 28-30 сәуірде топырақтың бетінде 2 градус үсік жүруі күтіледі. 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы облысында жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жауады, 30 сәуір-1 мамыр аралығында тау және тау бөктерлі аудандарда жаңбырдың арты қар аралас жаңбырға айналады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ болуы мүмкін, батыстан соққан жел 18-23 м/с күшейеді. 30 сәуір-  мамыр күндері ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, кей жерлерде 2 аязға дейін, күндіз 11-16 градуске дейін төмендеуі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары