211
БҚО-да соғысқа қатысқандар мен олардың жесірлеріне 118,6 млн теңге бөлінді
БҚО-да соғысқа қатысқандар мен олардың жесірлеріне 118,6 млн теңге бөлінді
БҚО-да Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне және Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтарға біржолғы материалдық көмек ретінде облыстық бюджеттен 118,6 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетовтің мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде өңірде 146 майдангер қалды. Сонымен қатар облыста 8397 тыл еңбеккері тұрып жатса, соның ішінде 1441-і - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (офицерлік құрамда және басқа елдерде қызмет атқарғандар, Ленинград құрсауында және фашистік концлагерьде тұтқында болған адамдар) бар.
Жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 150 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 15 мың теңгеден, майдангерлер жесірлеріне 20 мың теңгеден, зайыптарына 15 мың теңгеден берілуде.