Жанболат Мамайдың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

Жанболат Мамайдың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

Жанболат Мамайдың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды
ашық дереккөзі
231
 "Трибуна" газетінің редакторы Жанболат Мамайдың қамаудағы мерзімі 10 маусымға дейін ұзартылды. Медеу аудандық соты жабық өткен тыңдауда осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.  Журналист қылмыстық іс бойынша тағылған айыптармен ақпан айынан бері абақтыда отыр.Оны 10 ақпанда оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің БТА Банктен заңсыз жолмен шығарған ақшаларын заңдастырумен айналысқан деген күдікпен ұстады. Мамай да, Әблязов те бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.
Сотқа журналистерді кіргізген жоқ. Бұған дейін бірқатар халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Қазақстан үкіметінен Мамайды тез арада босатуын сұраған болатын.

Серіктес жаңалықтары