Арман Шораев Бас прокурордың әділетсіздігін бетіне басты

Арман Шораев Бас прокурордың әділетсіздігін бетіне басты

Арман Шораев Бас прокурордың әділетсіздігін бетіне басты
ашық дереккөзі
273
«Қазақстан барысы» қорының төрағасы, қоғам қайраткері Арман Шораев «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының экс-президенті Василий Нидің жазасыз қалғанына наразылығын білдіріп, Instagram әлеуметтік желісіндегі еліміздің Бас прокуроры Жақып Асановқа үндеу жолдады, деп хабарлайды sn.kz. Желіде жариялаған жазбасында ол Бас прокурордан 1 миллион доллар пара алып, мүлдем жазасыз қалған парақор Нидің қорғаушысы болмауға шақырады. «Жақып! Түсіндіріп берші бізге. Сен прокурорсың ба, әлде оңбағансың ба? Қаншама жерлесімізді, қандастарымызды бір қап бидай үшін, 50 мың теңге үшін түрмеге қамап, парақор Ниді бостандыққа жіберіп жатырсың. Әділеттігің осы ма? Сені мырза деп, жолдас деп, аға деп айтуға енді тілім бармайды. Сөзің әдемі, ісің көріксіз. Кезінде заңгер боламын деп армандағанда осындай жемқорлардың қорғаушысы боламын деп ойладың ба? Құның сенің 5 тыйын, ондай болсаң», - делінген Шораевтың жазбасында. Еске салайық, былтыр қыркүйекте Василий Ни 1 миллион долларды пара ретінде алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Ол өзінің қоластындағы қызметкері Махаббат Сейдуллаева арқылы инвесторлардан ақша бопсалаған. Осындай жайттардың бірінде Ни «Хоргос Тюльпан» компаниясының басшыларынан 1 миллион доллар пара сұрап, оны алып жатқан жерінде қолға түсті. Нидің пара алғаны дәлелденсе де, сот оған ешқандай жаза қолданбайтынын айтып, өткен аптада босатып жіберген еді. «Қазақстан барысы» қорының төрағасы, қоғам қайраткері Арман Шораев «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының экс-президенті Василий Нидің жазасыз қалғанына наразылығын білдіріп, еліміздің Бас прокуроры Жақып Асановқа үндеу жолдады. Үндеуін ол Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жариялаған. Онда ол Бас прокурордан 1 миллион доллар пара алып, мүлдем жазасыз қалған парақор Нидің қорғаушысы болмауға шақырады. «Жақып! Түсіндіріп берші бізге. Сен прокурорсың ба, әлде оңбағансың ба? Қаншама жерлесімізді, қандастарымызды бір қап бидай үшін, 50 мың теңге үшін түрмеге қамап, парақор Ниді бостандыққа жіберіп жатырсың. Әділеттігің осы ма? Сені мырза деп, жолдас деп, аға деп айтуға енді тілім бармайды. Сөзің әдемі, ісің көріксіз. Кезінде заңгер боламын деп армандағанда осындай жемқорлардың қорғаушысы боламын деп ойладың ба? Құның сенің 5 тыйын, ондай болсаң», - делінген Шораевтың жазбасында. Еске салайық, былтыр қыркүйекте Василий Ни 1 миллион долларды пара ретінде алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Ол өзінің қоластындағы қызметкері Махаббат Сейдуллаева арқылы инвесторлардан ақша бопсалаған. Осындай жайттардың бірінде Ни «Хоргос Тюльпан» компаниясының басшыларынан 1 миллион доллар пара сұрап, оны алып жатқан жерінде қолға түсті.

Серіктес жаңалықтары