Қытайлық оқырмандар "Димаш" атты кітаптың қытай тіліне аударылғанын қалайды

Қытайлық оқырмандар "Димаш" атты кітаптың қытай тіліне аударылғанын қалайды

Қытайлық оқырмандар "Димаш" атты кітаптың қытай тіліне аударылғанын қалайды
ашық дереккөзі
261
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің «Телерадио және PR» кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржанның әнші Димаш Құдайбергенұлына арналған жаңа кітабына әншінің Қытайдағы жанкүйерлері зор қызығушылық танытуда. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қытайлық оқырмандар әлеуметтік желілерде «Димаш туралы кітап  қытай тіліне аударыла ма? Қазақша шыққаны болса да сатып алсақ, қайдан аламыз? Кітапта Димаштың қандай қырлары мен сырлары жазылды екен?», - деген секілді сауалдары мен тілектерін, өтініштерін жазып қалдырыпты. «I am a Singer» конкурсында бас жүлде алмаса да, Димаштың тамаша әнші екендігін әлем мойындады. Әншілік деген граммен өлшенетін салмақ емес. Әншілік әншілікпен ғана өлшенеді. Мен «Димаш» атты бұл кітабымда Димаштың таланты туралы және оның таланытының түпкі негізі туралы жаздым. Көрермендер мен олардың өнерді бағалауының себептері, конкурстың өзі, қытай көрермендерінің өзіндік ерекшеліктері туралы жаздым. Қытай көрермендерінің өнерді бағалай білетін қасиеттері талай елдерге үлгі болатындай екен. Соған сүйсіндім және осы туралы өзімнің ойларымды білдірдім және кітапта оларға зор алғысымды айттым. Димаш өзінің әншілік шеберлігін қалай ұштады, ол өз ата-анасынан қандай қасиеттерді бойына сіңірді, имидж дегеніміз не деген мәселерге кең орын берілді. Димаштың жаңа имиджі, имидж жасай білудің өзі де үлкен өнер екендігін танытты. Мен өзім пиар теориясы мен практикасы туралы Ыстанбұл университетінің профессорлары Айдемир және Айла Окаймен бірігіп оқулық жазған маманмын. «Имиджелогия» атты оқу құралының авторымын. Осы пәндер бойынша университетте лекция оқимын. Сондықтан Димаштың имиджін мысалға ала отырып, имидж туралы жазған тұжырымдарым оқырмандарға, жалпы өнер адамына жаңа бағыт берер деген ойдамын. Кітапта Димаштың ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана Айтбаеваның айтқан ой-пікірлері баршылық. Тіпті негізінен осы кісілердің айтқандарына сүйеніп жаздым десем де болады.   Димаштың бала кездегі өмірге көзқарасы туралы да кеңейтіп айттым. Ол көзқарасты қайдан тапқаным кітапта жазылған. Бұл кітап туралы қытай оқырмандарының қызығушылық танытып жатқаны мені қатты қуантты. Қытай тіліне аударып, Қытайда шығарсақ, әрине, өте жақсы болар еді. Сол жақта тұсаукесерін де өткізуге болар еді. Мұның өзі екі елдің мәдениеті мен өнері туралы ықпалдастығымызды да арттыра түсер еді»,- дейді Оңайгүл Тұржан.    

Серіктес жаңалықтары