273
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаңа кинолар "саудасы" қызбақ
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаңа кинолар "саудасы" қызбақ
Биыл ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясында, алғаш рет «Еуразия фильм маркет» кино нарығы ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
Кино нарығы - бұл ұсынылатын, сатып алу және сату заты кино өнімі болып табылатын іскерлік көрме-жәрмеңке. Егер фестиваль кино көрсетіліміне баруды қарастыратын болса, кино нарығында нағыз кино саудасы - яғни, фестивальде көрсетілген фильмдерді сатып алу, сату шарасы өтеді.
Кинокомпаниялар мен туындылардың иелері жаңа фильмдер мен әлі аяқталмаған кино өнімдерінің үзінділерін ұсынады. Бұдан өзге, кинонарық кәсіби өздігінен білім алу алаңына айналады: продюсерлер мен режиссерлерге конференциялар, «дөңгелек үстелдер», тақырыптық пікірталастар, шеберлік сағаттары өткізіледі.