420
Кішкентай қыздарды тонаған жүкті әйел ұсталды
Кішкентай қыздарды тонаған жүкті әйел ұсталды
Павлодарлық тәртіп сақшылары кішкентай оқушы қыздарды тонап келген екі әйелді қамауға алды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sn.kz хабарлады.
Екібастұз қаласының 22 және 24 жастағы тұрғындары оңай жолмен ақша табу үшін бастауыш сыныпта оқитын қыздарға күш көрсеткен. Олардың бірінің аяғы ауыр болса, екіншісі 2 жасар ұлдың анасы.
"Күдіктілер кішкентай қыздарға барып, оларды қорқытып, психологиялық қысым көрсеткен. Артынша алтын сырғаларын немесе ұялы телефондарын тартып әкетіп отырған. Бағалы заттардың бәрін олар ломбардқа өткізіп келіпті. Ал, ұялы телефондарды сатумен айналысқан", - дейді полицейлер.
Небәрі екі күннің ішінде күдікті әйелдер үш қызды тонапты. Олардың үшеуі де бастауыш сыныптың оқушылары. Қазір полицейлер әйелдердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.