948
Қырғыз діндарлары табиғи апаттың тоқтауын тілеп, жаппай дұға оқыды
Қырғыз діндарлары табиғи апаттың тоқтауын тілеп, жаппай дұға оқыды
Қырғызстанның мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) елде табиғат апаттарының жиілеп кетуіне байланысты оны тоқтатуды сұрап дұға оқу жөнінде бұйрық шығарды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 мамырда Қырғызстан аумағының барлық мешіттерінде адамдарды айтып келмейтін зілзала, су тасқыны секілді апаттардан қорғау жөнінде дұға оқылады. Діндарлар елдің бейбітшілігі мен гүлденуін де тілейді.
Бұйрықты елдің барлық мешіттерінің имамдары орындауы шарт делінген.
29 сәуірде Ош облысының Узген ауданында өзен суы арнасынан асып, 7 үйді су басып қалды. Онда 24 адам тұрған. Бәрі қаза тапқан. 3 мамырда қырғыз-тәжік шекарасына жақын жерде күші 7 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағына жақын Ош және Баткен облыстарындағы 66 үй апатты жағдайда деп танылған.