200
Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге жіберілген заттардың жартысы қоқысқа тасталады
Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге жіберілген заттардың жартысы қоқысқа тасталады
Қазақстандықтардың көбі Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті дүниелерді емес, өздеріне қажетсіз болған киім-кешектерін жіберген. Себебі қайырымдылық шарасы аясында жеткізілген киімдердің жартысынан астамы жыртық, кір, әрі киюге жарамсыз. Оларды қоқысқа тастаудан басқа амал жоқ. Бұл туралы "Актобе-Таймс" интернет басылымының дерегіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Мәселен, қайырымдылыққа келген заттардың ішінде 300 келіден астам тұз бар, ал ет жоқ. Мақалада келтірілген дерек бойынша, іріктеліп алынған заттар (4 кілем, 2 төсеніш, 20 көрпе және т.б заттар) 200 адамға таратылған. Оларды адамдарға үлестірмес бұрын химиялық тазартуға беруге тура келген. Ал азық-түлікпен қамтуға негізінен Қызылорда облысы көмектескен. Өңірден келген 7 "КамАз" көлігі 8,5 тонна ұн, макарон және күнбағыс майын жеткізген. Ақтаудан көмек екі «Газель» көлігімен жеткен, онда киім-кешек және аздаған азық-түлік болған.
Сондай-ақ, басылым дерегі бойынша, Алматыдан 1 газель аттанған, бірақ ол әлі Ақтөбеге жетпеген. Мән берерлік бір жайт, көмекке келген заттардың ішінде тұз өте көп: он келілік он қап, 25 келілік 4 қап, тағы 600 қорапша тұз жіберілген.
Табиғат апатынан зардап шеккендерге ақтөбеліктер азық-түлікпен көмектескен. Ал «Қолғанат» қоры 100 миллион теңге қаржы жинап берген. Ол ақша зардап шеккен тұрғындарға қалай үлестірілетіні әзірше белгісіз.