Мектептің спорт алаңқайында тағы бір оқушы көз жұмды

Мектептің спорт алаңқайында тағы бір оқушы көз жұмды

Мектептің спорт алаңқайында тағы бір оқушы көз жұмды
ашық дереккөзі
317

 Астананың №44 орта мектебінде қайғылы жағдай болды. Оқушы қыз мектептің спорт алаңында көз жұмған. Бұл туралы  ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлады. 

 ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова бұл жайттың үшінші мамыр күні, шамамен таңғы тоғызда Интернациональный ауылында болғанын айтуда.
"1999 жылғы қыз баланың өлімі бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді Қылышбекова.
Еске салсақ, екінші мамыр күні осыған ұқсас тағы бір қайғылы оқиға Көкшетауда болған еді. Оқушы бала дене шынықтыру сабағында көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары