Эвересті бағындырғысы келген ең қарт альпинист тау баурайында көз жұмды

Эвересті бағындырғысы келген ең қарт альпинист тау баурайында көз жұмды

Эвересті бағындырғысы келген ең қарт альпинист тау баурайында көз жұмды
ашық дереккөзі
416
Эверест шыңын  тағы да бағындырып, әлемдегі ең қарт құзға өрмелеуші ретінде есімін тарихқа енгізгісі келген  непалдық альпинист  Мин Бахадур Шерхан (Min Bahadur Sherchan) қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі Непалдағы альпинизм қауымдастығының басшысы Анга Церинга Шерпаға сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, Шерхан 85 жасында тау баурайында жүрек дертінен көз жұмған. Непалдағы туризм министрлігі құзға өрмелеушінің мерт болғанын растады, алайда лагермен байланыстың нашар болуын алға тартып, қосымша ақпарат бере алмады. Қазіргі таңда Эверестті бағындырған әлемдегі ең қарт альпинист - 80 жастағы жапондық Юичиро Миура (Yuichiro Miura) болып отыр.  

Серіктес жаңалықтары