212
Франциядағы сайлау: Макрон 60 пайыз дауыспен Ле Пеннен алда келеді
Франциядағы сайлау: Макрон 60 пайыз дауыспен Ле Пеннен алда келеді
Бүгін Франциядағы президенттік сайлаудың екінші екінші кезеңі өтуде. Қазіргі уақытта «Алға!» қозғалысының негізін қалаушы Эммануэль Макрон «Ұлттық майдан» партиясының басшысы Марин Ле Пеннен 60 пайыз дауысты артық жинап, алда келеді. Бұл туралы Le Soir басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Еске сала кетсек, Франциядағы сайлаудың екінші айналымына түске дейін сайлаушылардың 28,23%-ы қатысқан болатын. Сарапшылар атап өткендей, әдетте президент сайлауының екінші айналымы барысында сайлаушылардың қатысуы 80%-дан аз болмайтын. Сонымен қатар, кейбір сарапшылардың пікірінше, қазіргі сайлаудың екінші айналымы барысында дауыс беруден халықтың 28%-ы бас тартуы да мүмкін.