Макрон - Франция тарихындағы ең жас президент

Макрон - Франция тарихындағы ең жас президент

Макрон - Франция тарихындағы ең жас президент
ашық дереккөзі
867
39 жастағы Эммануэль Макрон Франция тарихында ең жас президент атанды. Президенттік сайлауда жеңіске жеткен ол Франция тұрғындарына үндеу жариялап, еуропалық құндылықтарды сақтауға уәде берді, деп жазады centralasian.org. 
АҚШ президенті Дональд Трамп Франция президенттік сайлауындағы "ірі жеңісімен" Эммануэль Макронды құттықтап, жаңа француз басшысымен бірге жұмыс жасауға дайын екенін айтты. Германия канцлері Ангела Меркельдің өкілі Макронның Франциядағы сенімді жеңісін "қуатты әрі біртұтас Еуропаның жеңісі" деп атады. Макронды Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй де құттықтады. "Франция - біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі, біз жаңа президентпен көптеген салалар бойынша бірге жұмыс жасайтын уақытты асыға күтеміз", - делінген Ұлыбритания премьер-министрі өкілінің ресми мәлімдемесінде. Биыл наурызда Макронмен кездескен Лондон мэрі Садик Ханның мәлімдеуінше, "француз халқы қорқыныш пен бөлектенуді емес, үміт пен бірлікті таңдады".

Серіктес жаңалықтары