Рим папасы АҚШ бомбасының атауына шүйлікті

Рим папасы АҚШ бомбасының атауына шүйлікті

Рим папасы АҚШ бомбасының атауына шүйлікті
ашық дереккөзі
242
Рим папасы Франциск АҚШ-тың ядролық емес ірі қаруының "Бомбалардың анасы" аталуын сынады. Оның пікірінше, қырып-жоятын қарудың анаға ешқандай қатысы болмауы тиіс. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Ватиканда 6 мамырда студенттер алдында сөз сөйлеген папа бомба атауынан ұялғанын мәлімдеді. "Ана өмір сыйлайды, қару - өлім әкеледі, ал біз оны ана деп атаймыз. Не болып кетті?" - дейді Франциск. АҚШ-тың әскери-әуе күштері өткен айда Ауғанстанның шығысына бекінген "Ислам мемлекеті" содырларын GBU-43 бомбасымен атқылады. Рим папасы 24 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары