4 ай бұрын үйленген ерлі-зайыптылар өздеріне қол салды

4 ай бұрын үйленген ерлі-зайыптылар өздеріне қол салды

4 ай бұрын үйленген ерлі-зайыптылар өздеріне қол салды
ашық дереккөзі
464
Арқалықта кеше ғана отбасын құрған жап-жас қыз бен жігіт құпия жағдайда өздері қол салып қайтыс болды. Бұл жайында "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап Sn.kz хабарлады.  Оқиға 30 сәуір күні орын алған.Ерлі-зайыптылар Мұстафа мен Индира Торғай гуманитарлық колледжінің үшінші курсында оқыған екен. Олар небәрі 4 ай бұрын ғана үйленген және Мұстафаның үйінде анасымен тұрып келіпті. Жігіттің әкесі осыдан екі жылдай уақыт бұрын қайтыс болған.
Колледж қызметкерлерінің айтуынша, ерлі-зайыптылар "Дене шынықтыру" факультетінде оқыған. Екеуі де өте белсенді болыпты. Индира воллейбол шебері болса, Мұстафа - футболшы. Екеуі де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі медальдар мен дипломдардың иесі атанған. Қайтыс болатын күні Индираның інісі әскерден келуі тиіс болған екен. Олардың суицид жасауына не себеп болғаны белгісіз. "29 сәуір күні біздің колледжде облыстық семинар өтті. Екеуі де оған белсенді қатысып, ашық сабақтарда көзге түсті. Біз олардың қайтыс болғанына әлі сене алмай отырмыз. Полиция өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ, бізге не болғанын айтпады", - дейді Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сандуғаш Алматова. Тергеудің құпиялылығына байланысты полицейлер мәлімет беруден бас тартыпты.

Серіктес жаңалықтары