Елбасы Макронды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Елбасы Макронды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Елбасы Макронды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
ашық дереккөзі
205
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Э.Макронды Франция Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа тамаша табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті. «Өзара іс-қимылымыз өрістеп, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтан тұтамыз. Сізбен және Франция үкіметімен ортақ мүдделі мәселелер жөнінде жаңашылдық пен талпыныс рухында бірге жұмыс бастауға дайынбыз. Жан-жақты ықпалдастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая береді деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Франция көшбасшысының бастамаларына сәттілік, ал француз халқына бақ-береке тіледі.  

Серіктес жаңалықтары