276
Елордадағы ең ірі монша 7,5 млрд теңгеге сатылмақ
Елордадағы ең ірі монша 7,5 млрд теңгеге сатылмақ
"Крыша" порталында елордадағы "Керемет" шомылу-сауықтыру орталығы сатылымға шығарылғаны жөнінде хабарландыру жарық көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қаладағы ең ірі моншалардың бірі болып есептелетін осынау нысан Есілдің сол жағалауында орналасқан. Монша кешенінің құны - 7,5 млрд теңге. Оның аумағы 18 мың шаршы метрді құрайды.
Айта кетерлігі, кейбір шетелдік туристерге арналған сайттар "Кереметті" Астанадағы маңызды нысандардың тізіміне қосқан және туристерге баруға кеңес те береді.
Кешенде моншадан бөлек фитнес-орталық, SPA-салон, сұлулық салоны және өзге де сауықтыру нысандары бар. Моншаның иесі өзгергенімен ондағы қызмет көрсету түрлері сол күйі қалады.