Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін жария етті

Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін жария етті

Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін жария етті
ашық дереккөзі
206
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 12,3 триллионға жеткен. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігі хабарлады.  Министрдің айтуынша, бұл - басқарыла алатын көлемдегі жоспарлы деңгей. "Әлемдік сауда және қаржы нарығында сақталып тұрған белгісіздік қалған мерзімге деген біздің болжамдарымызды шектейтін басты фактор болуда. Бастапқы төрт айдағы позитивті серпін мемлекеттік аппарат жұмысының белсенділігінсіз алдағы уақыттарда да сақталады деген қиялдан аулақ болуымыз керек", - дейді Сүлейменов үкімет отырысынды. Оның айтуынша, 2016 жылдың алғашқы бес айында ЖІӨ 0,2%-ға түсіп, әлі күнге дейін еңсесін көтере алмай отыр. "...Яғни алғашқы жартыжылдықта бұл эффект толықтай жойлады. Сәйкесінше, жоспарланған 2,5 пайздық өсімге қол жеткізу үшін өсудің жаңа көздерін іздестіруіміз керек", - деп түйді Сүлейменов.

Серіктес жаңалықтары