Ресейлік депутат Гүлнәр Кәрімованы іздестіруге кірісті

Ресейлік депутат Гүлнәр Кәрімованы іздестіруге кірісті

Ресейлік депутат Гүлнәр Кәрімованы іздестіруге кірісті
ашық дереккөзі
458
Ресейдің Хабаровск Оңтүстік округының қалалық дума депутаты Евгений Смолькин Ресейдегі Өзбекстан елшілігіне алғашқы президенттің қызы Гүлнәр Кәрімованың жағдайы туралы ақпарат беруін сұрады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
"Правое дело" партиясы атынан жақында депутат болып сайланған Смолькин Өзбекстанның Ресейдегі елшісі Бахадыр Ашрафхановқа жазған хатын Facebook'те жариялады. Оның айтуынша, осындай өтініш жасауға Хабаровск өңіріндегі Өзбекстаннан шыққан бір топ сайлаушы сұраған. "2013 жылдан бастап Интернетте Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнәр Кәрімова туралы түрлі мәліметтер жарияланды. Оның өміріне адам құқығын қорғаушылар мен демократиялық әлемнің көптеген елдеріндегі азаматтық белсенділер алаңдап отыр", - делінген депутат өтінішінде. Бұған қоса Смолькин "Кәрімованың мәртебесі мен қайда екені туралы ресми түсініктеме" беруін сұраған. Депутаттың көмекшісі Татьяна Котлованың хабарлауынша, мұндай өтініш басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жолданады. Үш жыл бұрын Өзбекстанның Бас прокуратурасы Ислам Кәрімовтің үлкен қызы жемқорлық қылмыстарына қатысы бар екенін ресми жариялаған еді. Осы мәлімдемеден соң Кәрімова үй қамауына алынды, қоғамдық орындарда көрінбеді, тіпті әкесінің жерлеу рәсіміне де келген жоқ.

Серіктес жаңалықтары