Елбасы Нұртай Әбіқаевқа қандай міндет жүктеді?

Елбасы Нұртай Әбіқаевқа қандай міндет жүктеді?

Елбасы Нұртай Әбіқаевқа қандай міндет жүктеді?
ашық дереккөзі
401
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Мемлекет басшысы кездесуде саяси және экономикалық реформаларды іске асыру, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ел Парламентінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. – Біз даму бағдарламаларын қабылдадық. Менің Қазақстан халқына Жолдауымды және экономикалық реформалар мен қоғамның рухани жаңғыруын іске асыру үшін заңнамалық база қажет. Осы жұмысқа белсенді түрде атсалысуға Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз жеткілікті деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Н.Әбіқаев Қазақстан Президентіне елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Парламент депутаттары алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады.

Серіктес жаңалықтары