"Әр ірі қараға - үш гектар жайылым" ережесінің күші жойылады

"Әр ірі қараға - үш гектар жайылым" ережесінің күші жойылады

"Әр ірі қараға - үш гектар жайылым"  ережесінің күші жойылады
ашық дереккөзі
253
Елімізде  әрбір ірі қараға кем дегенде үш гектар жайылым ережесінің күші жойылмақ. Бұл туралы Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады centralasian.org
Ереженің нақты қай уақытта күші жойылатыны туралы ресми жауапта айтылмаған. Мұндай өзгеріске шаруалардың үкімет қаулысына шағымы түрткі болған. Ол бойынша, шаруашылық иелері ірі қара басына үш гектар жері болуы керек. Шарулар ақылға қонымсыз мұндай қаулы кооператив құруға кедергі келтіреді деп отыр. "Мұншама жерді біз қайдан аламыз? Кооперативтерге ұсақ шаруалар біріккен. Оның үстіне шаруалардың әрқайсысының жерге актілері бар", - деді Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақата ауылының тұрғыны Ақынбай Сариев. Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Медет Заненов шаруалардың шағымымен таныс екенін айтты. Сол себепті үкіметке мұндай ережені алып тастау туралы ұсыныс жасалды. Қазақстанда "Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы" заң 2015 жылы күзде күшіне енді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы құрылымын өзертуді тапсырды. Елбасының тапсырмасы бойынша, ауыл шаруашылығының негізін ірі кооперативтер құрауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары