Әлемде қаңғып жүрген балалар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Әлемде қаңғып жүрген балалар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Әлемде қаңғып жүрген балалар саны рекордтық көрсеткішке жетті
ашық дереккөзі
495
Дүние жүзі бойынша қараусыз жүрген босқын балалар саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды 24.kz 2015-2016 жылдары 300 мыңдай бүлдіршін ата-анасы немесе үлкендердің көмегінсіз шекара асып кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ қоры мәлімдеді. Екі жылды есепке алған баяндамада қаңғып жүрген балалардың 170 мыңнан астамы Еуропаға келуді көздегенін көрсетті. Ал 2016-2017 жылдары Жерорта теңізі арқылы Италияға табан тірген бүлдіршіндердің 92%-ы өз бетімен келген. Олардың дені Африкадан: Эритрея, Гамбия, Нигерия, Египет және Гвинея елдерінен шыққан. Мәліметтерге қарағанда, балалардың жанашырынан айырылу себептері әртүрлі. Кейбірін шетелге ата-анасының өзі жіберген болса, енді бірі аласапыран кезінде адасып қалған. Арасында адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың құрбандары да бар.

Серіктес жаңалықтары