357
Стивен Хокинг: Өмір сүру үшін басқа ғаламшарға көшуіміз керек
Стивен Хокинг: Өмір сүру үшін басқа ғаламшарға көшуіміз керек
Әлемге аты әйгілі физик Стивен Хокинг адамзат қандай жағдайда ғана аман қалатынын айтты. Ғалымның сөзінше, адамзат басқа ғаламшарға көшсе ғана аман қалады. Бұл туралы tjournal.ru-ға сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.
Бұл мәлімдемесін ғалым Норвегияда өтетін Starmus ғылым және өнер фестивалінің дайындығына арналған баспасөз мәслихатында жасады. "Бізге өмір сүру үшін балама ғаламшар іздеуге көшуіміз керектігін сеніммен айта аламын", - деп мәлімдеді ғалым. Хокинг әріптестерін адамзатты галактиканың басқа жеріне көшіп баруға кедергі болып отырған техникалық шектеулерді жоюмен белсенді түрде айналыса бастауға шақырды.
Айта кетейік, Стивен Хокинг бұған дейін де адамдардың таяудағы 1000 жылда Жер бетін тастап, ғарыштан басқа мекен ететін орын таппаса, жойылып кетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Мұндай болжамды ғалым Сиднейдегі опера театрында өткізген дәрісінде мәлімдеген еді.
Сонымен қатар, зерттеуші уақыттың, жер жүзінің және ондағы қара тесіктердің мәселесін көтерген. Дәрісінің соңында 73 жастағы Хокинг тыңдармандарына "аяқ астына емес, жұлдыздарға қарау керек" екенін айтты. "Көргеннің бәрін түсінуге тырысыңыздар, Жер жүзінің қалай пайда болғанын, себебін білуге тырысыңыздар. Қызығушылық танытыңыздар және өмір қандай қиын болып көрінсе де, сәттілікке жететін мүмкіндіктің бар екенін есте ұстаңыздар", - деді ол.