277
Эмомали Рахмон: Террористік ұйымдар екі түрлі пиғылды көздеп отыр
Эмомали Рахмон: Террористік ұйымдар екі түрлі пиғылды көздеп отыр
Тәжікстан көшбасшысы Эмомали Рахмонның пікірінше, экстремистік және террористік ұйымдардың екі түрлі пиғылды көздеп отыр. Бұл туралы ол Эр-Риядта өтіп жатқан мұсылман елдері және АҚШ басшыларының саммиті кезінде мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.
«Радикалды топтар қоғамдық қорлар мен ұйымдардан саяси-ақпараттық және қаржылай қолдау көреді.Нәтижесінде терроризм мен экстремизм географиялық ауқымын кеңейтіп, жан түршігерлік жағдайға жеткізді. Бұл тұтас бір мемлекеттің жойылуына, жүздеген адамның өліміне әкелді», - деді ол.
Рахмон «экстремистік және террористік топтар әртүрлі аймақтарға бойлап кіріп, діни-этникалық қақтығыстар туғызып, исламофобия мен мұсылмандарды жеккөрушілікті қоздырып отыр» деп атап өтті. «Террорист пен экстремистің отаны жоқ, ұлты жоқ, діні жоқ», - деп мәлімдеді Тәжікстан президенті.
Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастық терроризмді "суғарып отырғандардың" шынайы, материалдық және рухани құбылыстарын анықтап зерттеу керек деді. Ол жұмыссыздық, кедейшілік, халықтың әлеуметтік қорғалуының төменгі деңгейі радикализм мен терроризмнің пайда болуына әкелетінін айтты.