Түркіменстанның вице-премьері өзіне қол салды

Түркіменстанның вице-премьері өзіне қол салды

Түркіменстанның вице-премьері өзіне қол салды
ашық дереккөзі
213
Түркіменстан министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары Батыр Эрешов өз-өзіне қол жұмсаған. Дереккөздің хабарлауынша, бұның алдында вице-премьердің ұлы тұтқындалған. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Өнеркәсіп кешеніне жауапты саясаткер Батыр Эрешовтың қайтыс болғанын 3 мамырда түркіменстандық ресми баспасөз хабарлаған еді. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оның ұлы аса ірі көлемдегі қаражатпен ұсталған делінеді. Билікке жақын дереккөздің хабарлауынша, баласы ұсталған соң артынша Эрешовтың соңынан тыңшы түскен. "Оның ұлы көп ақшамен ұсталды. Артынан аңдып қойды, оны да ұстайды деп бәрі ескертіп жатты. Содан кейін ол асылып өлген. Денесін алып кетіп, үш тәулік бойы бермеді. Кейін қайтарып берді, расталмаған ақпарат бойынша, оны Өзбекстанда, өзінің туған жерінде жерлеген. Ұлы әлі қамауда отыр", - деді дереккөз. "Хроника Туркменистана" сайтының хабарлауынша, Эрешов Өзбекстанның Бұхара облысындағы зиратта, бабаларының қасына жерленген.

Серіктес жаңалықтары