Қазақстан мен Ресей бірлесіп зымыран жасамақ

Қазақстан мен Ресей бірлесіп зымыран жасамақ

Қазақстан мен Ресей бірлесіп зымыран жасамақ
ашық дереккөзі
416
РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин  Қазақстан мен Ресей жақын арада "Байқоңырдың" әрі қарай қолданылуын талқылап, орташа деңгейлі зымыран жасап шығаруға кірісетінін мәлімдеді. Бұл туралы  РИА Новости агенттігі хабарлады. Вице-премьердің сөзіне жүгінсек, бірнеше күннен соң Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" жобасының аясында "Байқоңырды" бірге пайдалану мәселесін қарастырады. Қазақстан сөре кешенін реконструкциялауға қаражат жағынан қатысады, содан кейін зымыранды жасап шығару жұмысы басталмақ. "Бұл орташа деңгейлі зымыран, жер орбитасындағы жүк көтергіштігі 17 тоннаға дейін жетеді және мұнда "Байқоңырдағы" бұрынғы "Зенит" зымыранының сөре кешеніндегі дайындама қолданылады", -  деді Рогозин. РФ вице-премьерінің айтуынша, мұндай зымыранның жасап шығарылуы Ресейдің ғарыш саласындағы коммерциялық қызмет көрсетулер нарығында бәсекелестігін сақтауына көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары