198
17 жыл сәби сүйе алмаған әйел бірден 6 баланы өмірге әкелді
17 жыл сәби сүйе алмаған әйел бірден 6 баланы өмірге әкелді
АҚШ-тың Ричмонд қаласы, Вирджиния штатында таңғажайып оқиға болды. 17 жыл сәби сүюді армандаған жұп бірден алты баланың ата-анасы атанды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Балалар кесарева тілігінің көмегімен 11 мамыр күні жарық дүние есігін ашты. Бұған дейін Аджибола Тайво мен оның жұбайы 17 жыл бойы балалы болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған деп жазады CBS News.
Аджиболаның босануына Вирджиния штатындағы емхананың 40 қызметкері көмектескен. Балалардың салмағы - 700 граммнан 1,3 келіге дейін.
Дені сау болып туылған сәбилер емханадан шыққалы жатыр.