iPhone әйелді өлімнен құтқарды

iPhone әйелді өлімнен құтқарды

iPhone  әйелді өлімнен құтқарды
ашық дереккөзі
371
 Манчестердегі теракт кезінде iPhone 6s смартфонының корпусы британдық азаматшаны құтқарып қалғаны. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдарына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Ұялы телефон бомба жарықшағының бетін қайтарған. Лиза Бриджеттің күйеуі бұл оқиға туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды. Ол қираған әрі қан дақтары бар смартфонның суретін жариялады. Жарақат алған әйелдің күйеуінің айтуынша, оның жұбайы жарылыс кезінде телефонмен сөйлесіп тұрған. Жарылғышқа қосылған темір гайка оның сол қолының саусағын жұлып кетіп, смартфонның төменгі бөлігін қиратқан (алюминий корпус, динамик, плата және дисплейі) сосын мұрынға келіп тиген. Сонымен қатар әйелдің саны және жіліншігіне зақым келген. Алайда Лизаның күйеуі, зардап шегушінің көңіл-күйі жақсы әрі жарылыстан кездейсоқ аман қалғанына қуанатыны жеткізген.  

Серіктес жаңалықтары