Өзбекстан аумағында Mortal Kombat, GTA сияқты 32 ойынға тыйым салынды

Өзбекстан аумағында Mortal Kombat, GTA сияқты 32 ойынға тыйым салынды

Өзбекстан аумағында Mortal Kombat, GTA сияқты 32 ойынға тыйым салынды
ашық дереккөзі
424
Өзбекстанның зияткерлік меншік агенттігі елге әкелуге, таратуға тыйым салатын компьютерлік ойындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды centralasian.org. 
Арнайы сараптамалық комиссия бекіткен тізімге барлығы 34 ойын кірген: Postal 2, Phantasmagoria, Grand Theft Auto, San Andreas, Carmageddon, Mass effect, Dead space, Naughty bear, Mafia II, Call of duty: Black ops, Kane and Leanch 2: Dog days, Castlevania: Lords of Shadow, Dead Rising, Manhunt, Mortal Kombat X, Dead by Daylight, Bone Town, Shadow Warrior және т.б. Өзбекстанда лицензия беру туралы келісімнің үшінші тармағына сәйкес, «зорлық-зомбылықты, порнографияны, елдің қоғамдық-саяси қауіпсіздігіне нұқсан келетін, Өзбекстан жайлы дәйексіз ақпарат тарататын, елдің мәдени және рухани құндылықтарына кедергі келтіретін компьютерлік бағдарламаларға тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары