201
ЭКСПО ұйымдастырушыларының қитұрқылығы әшкере болды
ЭКСПО ұйымдастырушыларының қитұрқылығы әшкере болды
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елордада өтетін "Цирк де Солей" қойылымына билет сатып алған елордалық Алена Габ көрме ұйымдастырушыларының құйтырқы әрекетін әшкереледі. Оның айтуынша, бір концерттік шараға кіру үшін екі рет шығындалу керек екен. Бұл туралы А.Габ өзінің Facebook-парақшасында жазған, деп хабарлдайды sn.kz.
Алена Габтің айтуынша, циркке кіру үшін енді ол ЭКСПО көрмесіне кіретін билетті қосымша тағы сатып алуы керек екен. Өйткені, цирк өтетін ғимарат ЭКСПО кешенінде орналасқан.
"Менде ұйымдастырушыларға қоятын бірнеше сұрақ бар. Мәселен, ЭКСПО көрмесіне кіруге билетті алдын ала сатып алған адам, басқа күнге циркке билет сатып алса, ол көрмеге кіретін тағы бір билет сатып алуы керек пе? Ал, егер мен екі түрлі концерттік қойылымға баратын болсам, екеуі екі күнде болса, сонда мен көрмеге кіретін екі билет сатып алуым керек пе?", - дейді астаналық тұрғын.
Ол ЭКСПО-ға барғысы келетін өзге тұрғындарды алданып қалмауға шақырып отыр. Циркке 4000 теңгеге билет алған А.Габ енді 6000 теңгеге көрменің билетін қосымша сатып алуы керек. Ол болмаған жағдайда циркке кіре алмайды.
Әлеуметтік желі қолданушылары ЭКСПО ұйымдастырушыларының бұл құйтырқы әрекетін растап отыр.