329
Шымкенттік медбике әжетханаға түсіп кеткен 1 жасар баланы өлімнен құтқарды
Шымкенттік медбике әжетханаға түсіп кеткен 1 жасар баланы өлімнен құтқарды
Әжетханаға түсіп кеткен бір жасар бүлдіршін Шымкенттік медбикенің арқасында аман қалды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Оқиға кешкі уақытта орын алған. Бір жастағы Мұхамедәлінің анасы сабақтан оралған үлкен ұлына ас-ауқатын дайындамақ болып қамданып жатқанға үш жастағы кенже ұлы аулада ойнап жүреді. Жарығы сөндірілмеген дәретхананы көрген бүлдіршіндер әп-сәтте сонда барып, бір жастағы бала әжетханаға түсіп кеткен.
Оның қасында болған келесі ортаншы ұл «Анашым, інім жоқ» деп айқайға салып, жылай бастағанда анасы дереу жетіп барып, сұмдық жағдайға куә болады. Келіншектің өзгелерден көмек сұрап айқайға басқан дауысын көршілері естіп, келе сала жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметіне хабарласыпты. Құтқарушылар келгенше сол маңда құрылыс жүргізіп жатқан жұмысшылардың бірі ойланбастан әжетханаға түсіп, баланы алып шығады.Ал ол сәтте көшеде өтіп бара жатқан тағы бір көршісі, медбике Әйгерім Қаныбекова оқиға орнына келіп, алғашқы көмекті көрсеткен.