Таразда қатты дауыл тұрып, 3 адам көз жұмды

Таразда қатты дауыл тұрып, 3 адам көз жұмды

Таразда қатты дауыл тұрып, 3 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
618
Тараз қаласында қатты дауыл салдарынан 3 адам қайтыс болды. Облыс орталығында желдің жылдамдығы 27 м/секундқа дейін жеткен. Бұл туралы өңірлік ТЖД мәліметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. 
8-шағынауданда 14 жасар баланы тоқ соғып, мерт болған. Оның қасында болған қыз бала қазір ауруханада жатыр. Қазіргі сәтте екеуін қандай жағдайда тоқ соққаны анықталу үстінде. Одан бөлек, 13-шағынауданда салынып жатқан ғимараттың ауласында екі құрылысшы мерт болды. «Жел үйдің шатырындағы шиферді жұлып кеткен. Екі жұмысшы дауыл соғып тұрған сәтте шиферді қағу үшін шатырға шыққан. Қатты жел оларды ұшырып жіберген. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды», - деп мәлім еткен Жамбыл облысы ТЖД кезекші бөлімінен. Дүлей дауыл ағаштарды тамырымен қопарып, электр желілерін үзіп кеткен. Салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Қанша аумаққа зақым келгені анықталу үстінде. Қазіргі сәтте «ТГЭС» ЖШС-ға жарық өшіп қалды деп шағымданушылар саны артып отыр. Бұған дейін өңірлік ТЖД қатты жел соғып, дауыл тұратыны туралы ескерту хабар таратқан болатын. Болжам бойынша желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді делінген еді.

Серіктес жаңалықтары